«Көктем» балалар мен жасөспірімдер клубында жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алуға бағытталған «Қауіпсіз балалық шақ» тақырыбында іс-шара өтті. Жастар ресурстық орталығы мен осы аталмыш клуб бұл іс-шараны балалар арасында саламатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырды.

Іс-шараға 40-тан астам бала қатысты. Түрлі спорттық жарыстар, зияткерлік ойындар мен көңілді байқаулар өткізілді. Оқушылар топтарға бөлініп, өзара сайысқа түсіп, ұйымшылдық пен білімдерін көрсетті.

Снх: Айсұлу БЕКІМОВА, ПЕТРОПАВЛ Қ. ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ НҰСҚАУШЫСЫ


Іс-шараға СҚО Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының мамандары келіп, балаларға нақты мысалдар арқылы нашақорлықтың зардабын түсіндірді.

Снх: ЗАРИНА ПОПОВА, СҚО ПД ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ


Іс-шара соңында барлық қатысушылар алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.