Қызылжар ауданындағы Прибрежное ауылының тұрғыны Қайрат Жұқыштың есімі бүгінде тек өзі тұрып жатқан ауылында ғана емес, Қазақстанның әр аймағында танымал. Себебі Қайраттың қолынан шыққан ысталған еттің дәмі мен сапасы талайдың таңдайын қақтырған.
Қайрат Жұқыш бұл іске 2021 жылы бет бұрған. Бастапқыда бұл жай ғана әуесқойлық болса оның етті ыстаудағы ерекше тәсілі, табиғи және таза өнімге деген ұмтылысы көп ұзамай оны нағыз кәсіп иесіне айналдырды. Бүгінде ол айына 500 келіге дейін ет сүрлеп, халыққа сапалы өнім ұсынып отыр.
СНХ: Қайрат Жұқыш – жеке кәсіпкер
Жеке кәсіпкердің қолынан шыққан қазақы сүр ет тек өңіріміз ғана емес сонымен қатар Алматы, Астана, Ақтау қалаларының халқына жақсы таныс. Қайраттың ол жақта тұрақты клиенттері де қалыптасқан.
СНХ: Қайрат Жұқыш – жеке кәсіпкер
Қайрат өз кәсібін ашқанына биыл 4 жыл. Әзірге ол жалғыз істеп жатыр. Негізгі көмекшісі ұлы Әлішер. Оның міндеті вакумдық қаптамадағы дайын өнімге мөр басу.
Тек өзі ғана шебер атанып қоймай, Қайрат өз білгенін өзгемен бөлісуге әрқашан дайын. Өткен жылы ол Ақтау қаласының бір кәсіпкер азаматшасына ет ыстаудың бүге-шүгесін үйретіп, өз кәсібін бастауға үлкен көмек көрсеткен.
СНХ: Қайрат Жұқыш – жеке кәсіпкер
Қайрат ет сүрлеуді ата-бабамыздан қалған асыл дәстүр деп біледі және сол дәстүрді заманауи технологиямен үйлестіріп, жаңа деңгейге көтеруді мақсат тұтады.