Жұмысшы мамандықтың беделін арттыратын кез келді. Мемлекет басшысы келер жылды «Жұмысшы мамандығы» жылы деп жариялады. Себебі, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануы тиіс. Президент бұл бағытта жұмыс тоқтамайтынын, алдағы уақытта жалғаса беретінін нақты айтты.


Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі. «Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашан да құрметті, сыйлы болуы керек. бұл Президенттің Халыққа Жолдауындағы «Адал азамат – Адал еңбек- Адал табыс» қағидатына толық сай келеді деді.


РҮСТЕМ АРМАНОВ – «ШУАҚ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Мен үшін Жолдаудағы маңызды сұрақ – бұл кәсіби мамандықтардың жетіспеушілігі. Не себепті? Өйткені, бұл мамандықтар қазір жастар артасында трендте емес. Алайда, олардың аз болуы үлкен үлкен мәселелерге әкеліп соғады. Жылдан жылға өзекті болып кетуі де ықтимал. Егер де, біз референдумнан соң АЭС салатын болсақ, онда жұмыс істейтін азамат пен азаматшалар керек болады. Ал, Қазақстан азаматтары сонда жұмыс істей ме деген сұрақ пайда болуы мүмкін.


«Шуақ» қоғамдық қорының директоры Рүстем Арамановтың сөзінше елімізде бұл мамандықтарға мейлінше көп білім гранттары бөлінеді. Бірақ, жастар оқу бітірген соң басқа салаға ауысып кетеді.


РҮСТЕМ АРМАНОВ, «ШУАҚ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Өзге өңірлерде жұмыс істеп жатқан жұмысшылар 500-700 мың айлық алады. Бірақ, көрші Ресейде вахталық метод арқылы млн нан көп табыс табады. Сол себепті, олар шетелге кетеді. Иә, бізде білім гранттары бар. Бірақ, дастар осы мамандық бойынша жұмыс істей ме? Бұл да бір келесі маңызды сұрақ. Сол себепті де бұл нағыз ойландыратын мәселе деп санаймын.


Сондықтан, Президент техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажеттігін айтты. Солайша, жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамды еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттай аламыз деді.