Петропавл қалалық полиция басқармасының қызметкерлері ведомствоаралық мобильдік топтың құрамында балалар еңбегін пайдаланудағы заңбұзушылықтарды анықтау бойынша рейдке қатысты. Сондай-ақ, ювеналды полицейлер «Береке» шағын ауданында тұрғындарымен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кәмелетке толмағандар арасында және оларға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу - қалалық және облыстық полиция басшылығының ерекше бақылауында. Күндіз де, түнгі уақытта да профилактикалық тексерулер тұрақты өткізіліп тұрады. Кезекті рейд облыс орталығындағы Қазақстан Конституциясы көшесінде өткізілді. Рейдтік топ тәттілерді сату орындары мен балаларға электр көлігін жалға беретін жерлерде жұмыс істейтін жасөспірімдерді тексерді.
АЛИНА РАМАЗАНОВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ЮВЕНАЛДЫ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМШЕСІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ:
- Жаңа оқу жылы қарсаңында Петропавл қаласының білім басқармасының қызметкерлері мен бірлескен кәмелетке толмаған балалардың жұмыс істеу тәртібін қадағалау мақсатындағы рейдттік іс-шаралар өткізілді. Бұл іс-шаралардың мақсаты кәмелетке томаған жасөспірімдердің арасындағы жұмыс істеу тәртібін қадағалап, олардың нормаларын еске салу болды. Сонымен қатар кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түңгі 23:00-ден кейінгі даладағы ата-аналарысыз жүру туралы баптарды еске салып, қатаң ескерту болды.
Сондай-ақ, ювеналды полицейлер Байболов көшесіндегі көппәтерлі үйлердің ауласында тұрғындармен жиынға қатысты. Бұған дейін қалалық полиция басқармасына жастардың түнгі серуендеуіне және күндіз аулада жасөспірімдердің оғаш мінез-құлқына шағымдар түскен. Полиция қызметкерлері профилактикалық әңгіме өткізіп, қылмыстар мен құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті түсіндірді. Жадынамалар таратып, балалар мен жасөспірімдерді жарақаттанудан қорғау шараларын айтты. Облыстың барлық аудандарында осындай жұмыстар жүргізілді.