Облыс прокурорлары биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында тексеру жүргізді.Нәтижесінде қадағалау органдары кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерінің өрескел бұзылуын анықтаған. Сонымен қатар, білім беру ұйымдарында санитарлық, өртке қарсы, ақпараттық және терроризмге қарсы қауіпсіздік туралы заңнама талаптарын сақтамау фактілері тіркелген.
Қадағалау органдарының актілері бойынша білім беру ұйымдарының 147 лауазымды тұлғасы тәртіптік және 316 әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 43 миллион теңге бюджет қаражатының ұрлануына қатысты сотқа дейінгі екі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта оның 10 миллион теңгесі бюджетке қайтарылды. Облыстық прокуратураның айтуынша, анықталған кемшіліктер жаңа оқу жылына дейін жойылады.