Облыстың мамандандырылған күзет қызметі басқармасы бос орындар жәрмеңкесін өткізді. Іс-шара Николай Погодин атындағы драма театрында өтті, университет-колледж түлектеріне, 35 жасқа дейінгі азаматтарға арналған.


Жұмыссыздар санын азайту – қазіргі қоғамда күн тәртібінен түспейтін басты мәселенің бірі. Осы орайда еліміз бойынша оңтайлы бағдарламалар қабылданып, жүзеге асырылып жатыр. Сонымен қатар, қызметкерлер жетіспейтін кей мекемелерде бос орындар жәрмеңкесін өткізу де дәстүрге айналған.


ТИМУР БӘТІШЕВ, ОБЛЫСТЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КҮЗЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

- Қазіргі таңда ІІМ-нің басты мақсаттарының бірі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмыспен күресу. Қазіргі таңда ІІМ-нен үлкен жеңілдіктер қарастырлған, біздің сала бойынша қызметкерлер айлық жалақыдан бөлек жылына бір рет еңбек демалысында сауықтыру қаражатымен 2 айлық мерзімдегі көлемде қаражат қамтамасыз етілген. Сонымен қатар тұрғын үй жалдау бойынша әр қызметкерге 48744 теңгеден қосымша тұрғын үй жалдауға қаражат бөлініп отыр.


Бүгінгі жәрмеңкеге қатысушылардың бірі Дархан Қуаныш. Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінен келген. Айтуынша,іс-шараның арқасында ҚАЖЕТТІ ақпарат алды.


ДАРХАН ҚУАНЫШ, ҮМІТКЕР:

- Солтүстік Қазақстан Кәсіптік-педагогикалық колледжінен келдім. Мұнда келген себебім вакансияға байланысты жәрмеңке болады деді. Жәрмеңке вакансиядан көп нәрсе білдім, мұнда бізді ағайларымыз алып келді. Жәрмеңкеде жұмыс орындары жайлы айтылды. 3-курс бітіруші топ болғандықтан келдік. Оқудан кейін қайда орналасу керек,жұмыс туралы барлығын осында айтып жатыр.


Іс-шара «Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» мен Петропавл қаласы «Мансап» орталығының ұйымдастыруымен өтті.


Ерлан Жұмахан