Әкімшілік полиция қызметкерлері қару ұрлығына, жазатайым оқиғаларға жол бермеуге бағытталған тексерістерді ұдайы негізде жүргізіп тұрады. Ерекше назарда – жеке меншік күзет құрылымдары.


СҚО полицейлері жыл басынан қызметтік қаруды сақтаудың, сондай-ақ тіркеудің және қайта тіркеудің талаптарын бұзудың 16 дерегін анықтады. Жалпы, полициейлер хабарлағандай, облыста қызметтік қаруды қауіпсіз сақтау үшін жағдай жасалған. Күзет фирмаларында белгіленген стандарттарға сай жабдықталған қару бөлмелері немесе қаруларды орталықтандырылған сақтау пункттері бар. Айта кететіні, жуырда тексеру тәртібі өзгереді: енді анықталған кемшіліктерді жоюға уақыт беріледі. Әкімшілік жауапкершілікке талаптарды орындамаған жағдайда ғана тартылады.


ЕРБОЛАТ ҚАБЫРОВ, СҚО ПД ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ: