Облыс орталығында «Халықаралық балаларды қорғау» күніне орай шахматтан турнир өтті. Банкирлер клубының қолдауымен өткен жарыс 2 жас ерекшелік бойынша ұйымдастырылды.


Облыстық жарысқа келгендердің бірі Исмаил Жұмагелді шахматпен 4 жасынан айналысады. Ол - облыс чемпионы. Бүгінгі турнирде де жеңімпаз атанудан үмітті.


Исмаил Жұмагелді, қатысушы:

- Мен «Сафуан Шәймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияда» оқимын. Қазір 4 сыныпты бітірдім. Өз ағаларыммен осы жарысқа келдім. Түрлі жарыстарға қатысып, облыс чемпионы болғанмын. Мені шахмат ойнауға үйреткен ұстазым - Салтанат Сарсенбаевич.


Ұйымдастырушылардың сөзінше шахмат турнирін өткізудегі мақсат - жас өрендердің білім көкжиегін кеңейтіп,ой-өрісін арттыру. Спорттық іс-шара жылда дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады. Бұған дейінгі турнирлерде жеңімпаздар жалпы команда бойынша анықталса, ал биыл жекелей сында да мықтылар марапатталмақ.


ДИАС МЭЛС, «ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ» РММ СҚФ ДИРЕКТОРЫ:

- СҚО банкирлер клубы жылдан жылға шахмат турнирін өткізіп жатыр. Биылғы өтетін турниріміз тек жеке біріншілік бойынша ұйымдастырылған. Осы турниріміз 2 жас ерекшелігінде өткізіледі. 2 жас ерекшелік бойынша 6 жеңімпаз анықталады.


Барлығы 200-ге оқушы қатысқан турнирде жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.


Ерлан Жұмахан