«Қауіпсіздік керуені» акциясы аясында М. Жұмабаев ауданы Полудино ауылының тұрғындары профилактикалық рейдке қатысты. Оған Полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар және Солтүстік Қазақстан жоғары кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенттерінен ҚҰРАЛҒАН ВОЛОНТЕРЛЕРМЕН бірге облыстық ТЖ департаменті бөлімшелерінің жеке құрамы қатысты.


Департамент қызметкерлері акцияға қатысушылармен бірге жеке үйлерге барып, жадынамалар таратты. Тұрғындарға өрт қауіпсіздігінің қаншалықты маңызды екенін, пешті, электр жабдықтарын, жарықтандыру құралдарын пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын назарда ұстауға кеңес берді.


ӘДІЛ СПАЕН, СҚО ТЖД "ӨС ЖӘНЕ АҚЖҚ" ММ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ:

«Жұмысқа үш бірлік техника жұмылдырды және 18 адам өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстарының қызметкерлері жұмылдырылды».


Елімізде өрттен, улы газдан зардап шеккендер қатары жыл сайын артып келеді. Оның алдын алудың бір ғана жолы бар. Бұл түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде өткізу.


АСЛАН АХМЕТЖАНОВ, СҚО ТЖД БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ:

-  «Биыл облыста 53 өрт оқиғасы тіркелді. Салдарынан 3 адам қайтыс болып, 4 адам зардап шеккен. Сондықтан осындай түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде өткізіп жатырмыз. оған полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар және еріктілер қатысып жатыр».


 Бұл акцияға 80-нен астам адам қатысты. ауылдың 600 ге жуық тұрғыны қамтылды.