Қысы қатал Петропавлда қар шығару жұмыстары қарқын алды. Биыл ақ ұлпа әдеттегіден қалың түскен. Сол себепті жауапты сала мамандары жұмысқа білек сыбана кірісіп, қаланы қардан тазаРТЫп жатыр.


Қазіргі таңда Петропавлда күн сайын көшелерді қардан тазалау жұмыстары қызу жүріп жатыр. Әсіресе, кешкі уақытта сағат 21:00-ден таңғы 06:00-ге дейін механикаландырылған тазалау жүргізіледі. Оған 40-тан астам техника жұмылдырылады.


СЕРІК ИБРАЕВ, «ГРАНДО» ЖШС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Біз Жұмысшы кентін толықтай қардан тазартып жатырмыз. Жұмыс онда күн сайын жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар Караван, Украин, Панфилов, Зоя Космедемьянская, Универсал, Қазақстан Конституциясы, Партизан және Васильев көшелерін ақ ұлпадан тазалау жұмыстары қарқын алды. Күндіз көлік қозғалысы жұмысымызға кедергі келтіретіндіктен, жаппай қар тазалау науқанына кешкі уақытта кірістік.


Серіктестік тәулігіне 4,5-5 мың текше метр қар шығарады. Жұмыс негізінен түнгі уақытта жүргізіледі.


ӘСЕМ АЙТУЛОВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

- Жыл сайын су басу қаупі бар аумақтар анықталады. Осыған сәйкес ол жерлерде қар шығару жұмыстары жүргізіледі. Бұл бізде әдетте жеке сектердағы үйлер болып табылады. Қазіргі таңда ол көшелерге техника кірІп жатыр. Коммуналдық қызметтер барлық тұрғындардың ауласындағы қарларды тегін шығарады. Яғни, алда қар шығару бойынша график пайда болады. Тұрғындар, графикке сәйкес үйлерінің аумағындағы тұрғындар сыртқа шығарып қояды. Ал, коммуналдық қызметтер оны тегін алып кететін болады.


Жалпы, қазір «жұмысшы» кентінде 11 бағыт бойынша қарды шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр.