Облыстық тарихи-өлкетану музейінің құрылғанына биыл 100 жыл. Мұражай қорында 350 мыңнан астам жәдігер бар. Олардың арасында сирек кездесетін, түпнұсқа, құнды экспонаттар да бар. Тілші толықтырсын.


 Солтүстiк Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі 1924 жылы құрылды. Ғимаратқа 2004-2005 жылдары қазiргi дизайнға сәйкестендіріліп жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi. Мұражайдың көлемi — 2400 шаршы метр. Экспозиция 13 залда орналасқан. Онда өлкеміздің көне тарихынан сыр шертер жәдігерлер сақталған.


ЕРКЕН ШАЛКЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ МУЗЕЙ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- «Бүгінгі күні музей қорында 350 мыңнан астам экспонат бар. Олардың көпшілігі археологиялық коллекциялар. Өйткені облыс археологиялық ескерткіштерге бай, олардың саны 600-ден асады».


 Музей залдарының бірінен 18 ғасырдың соңы мен 19 ғасырдың басында Петропавл көпестерінің қалай өмір сүргенін көруге болады. Және арнайы кюар код арқылы мұражайдағы көрме залы мен жәдігерлер жайлы ақпаратты оңай табуға болады.


ИРИНА АШРАПОВА, ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ ЭКСКУРСИЯ ЖҮРГІЗУШІСІ:

«Бұл жәдігер бізге 1930 жылы тапсырылған, жауынгер дулығасы. Оның ерекшелігі: бас киімнен екі қылыш соққысының іздерін көруге болады. Ол Ахмед есімді жауынгерге тиесілі болған. Сонымен қатар, дулығада араб жазуы бар».


 Музейге жыл сайын 40 мыңға жуық қонақ келеді. Жыл сайын 500-ге жуық іс-шара өткізіледі.