Зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау деңгейін арттыру үшін 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап арнаулы әлеуметтік төлем енгізілді. Төлемді тағайындау кезінде жұмысшы 55 жасқа толуы және оның 7 жыл кәсіптік зейнетақы аударымдарының болуы шарт. 2024 жылғы төлемнің орташа мөлшері шамамен 208 мың теңгені құрайды.
Оны зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлерГе жұмыс беруші өз қаражаты есебінен төлейді. 55 жасқа толған еңбек жағдайында зиянды жұмыспен айналыспайтын бірақ, жеті жыл ішінде міндетті кәсіптік жарналары аударылған адамдар да бұл төлемді алуға құқылы. Оларға қаражат республикалық бюджеттен және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан бөлінеді. Жалпы, облыста көрсетілген барлық талаптарға сәйкес келетін азаматтардың саны- 150-ден асады. Бүгінге күнде аталған әлеуметтік төлем 10 адамға тағайындалған. Жалпы, бұшл төлем экономиканың 19 саласында, оның ішінде тау-кен өндіру, өңдеу өнеркәсібі және осы секілді өмірге қауіпті салада қызмет ететін қазақстандықтарға беріледі.
КЕНЖЕГҮЛ ХАМЗИНА, ЕҢБЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ КОМИТЕТІНІҢ СҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
- Әлеуметтік төлем 4 қаражат көзінен жүзеге асырылады. Біріншісі, республикалық бюджеттен 2 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде арнаулы кәсіптік жәрдемақы; екіншісі, жұмыс берушілердің қаражаты есебінен 1 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде; үшіншісі, өмірді сақтандыру эөніндегі компаниялардан 1 ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде; төртіншісі, қолда бар зейнетақы жинақтарын ескере отырып, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленеді.