25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында Петропавлда «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» республикалық акциясы өтті. Іс-шараны өткізудегі басты мақсат - тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және қоғамдағы отбасының рөлін нығайту.
Достық молл ойын сауық орталығында полиция қызметкерлері, әйелдер істері мен отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының мүшелері, кәсіби медиаторлар тұрғындарға зорлық зомбылықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ келушілерге ақ ленталар, шарлар мен буклеттер таратылды.
ГҮЛБАҚША МҰСАБАЕВА, ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯНЫҢ МҮШЕСІ:
- «Біздің қоғамда балаға кішкентай кезінен бастап ешқандай зорлық зомбылық болмау үшін мүмкіндік жасауымыз керек. Бала ешқашан ешқандай қысым көрмесе оны ешкім осындай зорлық зомбылыққа тартпайды және біздің юридитикалық психология бойынша адам көп қысым көрсе кішкентай кезінде ертең өскенде олда агрессор болады.».
Ақ лента зорлық зомбылықпен келіспеушіліктің бір белгісі. Бұл ең алғаш Канададағы ерлер тобының бастамасымен пайда болған. Олар жыл сайын жүздеген әйел мен баланың зардап шеккеніне бейжай қарай алмаған. Сондықтан зорлық-зомбылықтан бас тартудың белгісі ретінде киімдеріне ақ лента таққан. Және бұл белгі бір-біріне мейірімді, төзімді болуға шақыру символы.
ӘСИЯ АБЖАНОВА, СҚО ПД ЖПҚБ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:
- «Тұрмыстық қылмыстың алдын алудың бір түрі – әкімшілік құқық бұзушылықты дер кезінде ашу және жолын кесу. 2023 жылдың қазан айында отбасы-тұрмыстық қатынаста 2134 әкімшілік құқық бұзушылық тіркеліп, олар бойынша 536 тұлға әкімшілік қамауға алынды, 316 адамға ескерту және 6 адамға айыппұл салынған болатын».
Қыз бала отбасында ғана зорлық көрмейді. Ол үшін өмір сүретін қоғам да, орта да қазір қауіпсіз емес. Жылда зорлық зомбылықтың салдарынан қаншама қыз-келіншек қайтыс болады.