Жақсының аты өлмейді. Ғ. Мүсірепов атындағы ауданда осы ауданның құрметті азаматы, белгілі кәсіпкер Мұрат Жұмабековты еске алуға арналған жасөспірімдер арасында дзюдодан республикалық турнир өтті. Жалпы, соңғы жылдары облыста спорт саласы қарқынды дамып келеді. Оған көптеп ашылып жатқан спорт секциялары дәлел. Оның ішінде дзюдомен айналысатын спортшылардың да қатары көбейген.
Дәстүрлі сайысқа Астана, Семей, Рудный, Қостанай және облыстың 11-12 жас аралығындағы дзюдошылар командасы қатысты. 20 келі салмақ дәрежесіндегі 150-ге жуық ұл мен қыз жиналды. Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған жасөспірімдер сыйлықтармен және мақтау қағаздарымен марапатталды.
ДИАНА БАТЫҚОВА, ТУРНИРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ, «НЕЖИНКА-ЕРКЕ» ЖШС БАСШЫСЫ:
- Солтүстік Қазақстан құрамасы өзін жоғары деңгейде көрсетті.
1-ші және 2-ші орынды иеленді. 1-ші орын алған жеңімпаздарға кубоктар берілді. Ал, барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталды. Жалпы, бұл турнир әкемді еске алуға арналды. Ол спорттың осы түрін қатты жақсы көрді. Еліміздің, ауылымыздың дамуына зор үлес қосты, жақсы адамның аты ешқашан өлмейді, мұндай турнир дәстүрлі болмақ.