Облыстық ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы демалыс күндері жеңгетайлықпен айналысу үшін үй-жай ұсынудың 6 фактісін анықтады.


Облыстық полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп интимдік қызмет көрсететін притондарды анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар өткізді. Нәтижесінде үш тәулік ішінде облыс орталығының аумағында полицейлер "Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну" бойынша бірден 6 фактіні анықтады. Оның екеуі Петропавлдың орталығында орналасқан. Интернационал көшесіндегі үйде орналасқан притоннан полицейлер 20 жастағы екі бойжеткенді ұстады. Әкімшіге қатысты материал жиналды. Алтынсарин көшесіндегі үйдің пәтерінде дене массажы қызметі көрсетілетін екінші үй жұмыс істеген. Мұнда да әкімшіге қатысты хаттама жасалды. Баптың санкциясы 100 айлық есептік көрсеткіш түріндегі әкімшілік айыппұлды көздейді; ол 345 мың теңгені құрайды. Сондай-ақ, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері рейд барысында қаланың әртүрлі бөліктерінде орналасқан төрт саунада "шақыру бойынша келетін қыздар" тарапынан интимдік қызмет көрсету фактілерін тіркеді. Сауна иелеріне де "Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну" бойынша материалдар жиналды. Тәжірибе көрсеткендей, рейдтер барысында жедел қызметкерлер әдетте "оңай ақша табуды" қалайтын жас қыздарды ұстайды. Алайда, бұл заңсыз әрекетпен айналысу физикалық және психологиялық тұрғыда денсаулыққа өте теріс әсер етеді; АИТВ-инфекциясын және басқа вирустарды жұқтыру қаупін тудырады және жалпы өмірге қауіп төндіреді.