Облыс әкімі Айдарбек Сапаров бүгін таңертең ешкімге ескертпей, №1 қалалық емханаға барды. Соңғы кезде осы медициналық мекеменің жұмысына халықтың наразылығы жиі айтылып жүр. Денсаулық нысанын аралап шыққан Айдарбек Сейпілұлы тұрғындардың шағымын өз ауыздарынан тыңдап шығып, мекеме басшылығына қатаң сөгіс жариялады.


№1 қалалық емхана. Мекеме алдында да, тіркеу орнында да ұзын-сонар кезек. Бұл бейнежазба осыдан бір апта бұрын әлеуметтік желіде желдей есті. Астында жазылған жазбалардан ағайынның медициналық ұйым жұмысына көңілі толмайтынын аңғаруға болады. Өз наразылықтарын жарыса жазғандар көп. Жағдайдың қаншалықты дұрысталғанын білу үшін бүгін облыс әкімі емханаға таң атысымен келді. Жоспарсыз тексерісті Айдарбек Сапаров тіркеу орнынан бастады. Ә дегеннен-ақ жүйеге сыни көзбен қарайтындар табылды.


 Пол 8-го начинают давать талончики. Нет, чтобы сразу сейчас взяли направление и сразу к врачу. - С 6 утра вы стоите в очереди? Конечно.

10/09 Зарегистрировались в приложении. Там никакой информации. Запись к врачу нельзя онлайн. Для чего это приложение?


АЙДАРБЕК САПАРОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

- №1 қалалық емханада бірқатар мәселе бар. Бұл проблемаларды келіп, шешу керек қой. Жұмыс неге дұрыс атқарылмай жатыр? Тұрғындар мекемеге таңғы 6-дан келуде. Кісі көп.


Жағдайға түсініктеме береді-ау деп емхана директорын күттік. Бірақ, басшы жұмыс орнында жоқ болып шықты. Николай Новиков қатарға кейіннен қосылды. Лауазымды тұлға "Мекемеге қарасты филиалдарда болдым",- деп ағынан жарылды. Кейін тексеріс жалғасты. Жерлестеріміз арасында медициналық қызметті алу тұрмақ, тиісті кабинетті таба алмай жүргендер де бар болып шықты.


НИНА ЗЫРЯНОВА, қала тұрғыны:

- Отаға медициналық жолдамамыз бар. Фиброгастродуоденоскопия тексерісіне келдік. Одан кейін порталға кезекке тұру керек. Қазір 59-шы кабинетті іздеп жүрміз.


Анықталғандай кабинеттердің қай жақта орналасқаны әр қабаттың кіреберісінде сызбамен көрсетілген. Бірақ, дәрігерлердің есігінде тиісті жазу жоқ. Кейбірінде нөмір жазылған кішкентай қағаз ілініп тұр, ал кейбірінде ол да жоқ. Мекемедегі мамандарға кіру бір мұң. Мұнда әрбір минут маңызды. Сырғыған бірнеше сағатта дәрігерлердің тексерісіне кіріп үлгерсеңіз сол бақыт. Ақхалаттылардың кейбірі тұрғындарды санаулы сағат қана қабылдайды. Мұнда кадр дефициті де баршылық.


Почему некоторые врачи с 8 до 11 только работают? - Ну есть кто на пол ставке. У нас очень много пенсионеров. - Вы главный врач здесь, вы должны за всё отвечать. - Хорошо, принято.


 - Ну вообще рабочий день начинается с пол 8-го до 20:00. - Ну тогда хотя бы до 5 надо прием делать. Почему некоторые врачи до 11 принимают. Из-за этого очередь складывается.

 - Я вам поручаю провести проверку, полностью всю документацию. Кто сколько работает, кто сколько получает зарплату и почему платные услуги разные.


Сыннан сүрінген мекеме басшылығына Айдарбек Сапаров қатаң сөгіс жариялады. Жағдайды дұрыстауға біршама уақыт берді.


АЙДАРБЕК САПАРОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

- "Қазір жағдайды дұрыстау үшін тез шешім қабылдау керек. Жылдам әрекет етіңіздер. Емхананың бас дәрігеріне қатаң сөгіс жариялаймын. 10 күн уақыт беремін. Тексерісуге өзім келемін".


Ал мекеме алдын ретке келтіруге әкім 3 күн уақыт берді. "Баспалдақтан ажыраған тастар қайта бекітіліп, халық жайлы жермен жүруі тиіс", - деді


Айдарбек Сапаров