31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Осыған орай облыстық кітапханада «Қазақ даласының қасіреті» атты дәстүрлі кітап көрмесі ашылды.


 Көрменің мақсаты – Саяси қуғын-сүргін құбандарын еске алу. Өскелең ұрпақты Отанын сүюге, өткенімізден тағылым алуға тәрбиелеу. Кітап көрмесіне 80-нен аса кітап, газет-журналдар, құжаттар қойылған.


ӘСЕЛ ШӘЙХИСЛЯМОВА, С.МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ӘМБЕБАП-ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНА ҚЫЗМЕТКЕРІ:

- «Биыл біз "Қазақ даласының қасіреті" көрмесін ұйымдастырдық. Көрмедегі еңбектердің авторлары сол уақыттағы адамдардың бастан өткерген тағдыры жайында баяндайды. Бұл көрме қуғын-сүргінге ұшыраған жандарға құрмет.»