Петропавлда қала әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия мүшелері жергілікті колледж студенттерімен кездесті. Іс-шара мақсаты жасөспірімдердердің арасындағы жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстардың алдын алу.


Мамандардың айтуынша, бесіктен белі шықпай жатқан жасөспірімдердің басым бөлігі ерте жыныстық қатынасқа түседі. Бұл баланың денсаулығы мен психологиясына үлкен зардабын тигізеді. Десек те қазіргі балалар физикалық және де психо-эмоцианалдық тұрғыдан ерте жетіледі.


ҚУАНЫШ ҚОЙШЫҒҰЛ, ГИНЕКОЛОГ:

 « Қазіргі таңда 15 жастағы қыздарды, ер жігіттер көбінесе 20 жастағы қыз деп ойлайды. Содан кейін бұл ерте жыныстық қатынасқа әкеледі. Бұдан кейін инфекция көп бізде қазір.»


Гинеколог мамандар ерте жүктіліктің салдарын балалар мен олардың ата-аналарына әр жиын барысында айтып отырады.


ҚУАНЫШ ҚОЙШЫҒҰЛ, ГИНЕКОЛОГ:

- «Ерте жүктілікті айтамыз, және психо-эмоционалды жағын айтамыз. Әке-шешесіне де айтамыз бірінші орында олар тұр. Содан кейін бұның салдары бұл суицид, ең көп болатыны осы. Және тағы криминалды түсік жасату. Қазір соны түсіндіріп айтудамыз, жас кезден бастап сақтану біріншіден, яғни инфекциядан сақтану және түсік жасату. Біз криминалды түсік жасаудан қатты қорқамыз, себебі бұл көптеген жағдайда өлімге алып келіп жатады. »


 Құқық қорғау органдарының мәліметінше жасөспірімдерге қатысты жасалып жатқан қылмыстар да өршіп тұр.


ЛИДИЯ СУЛТАНГЕЛЬДИНОВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ПБ АҒА УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОРЫ:

- «ОСЫ жылдың өзінде облысымызда кәмелет жасына толмағандарға қатысты 15 қылмыс тіркелген. Оның жетеуі - жасөспірімдер мен жыныстық қатынсақа түсу.»


Жиын барысында балаларға қажет болған жағдайда хабарласуға болатын сенім телефондары жайлы да айтылды. Жасөспірімдер біреуден әлімжеттік, зорлық-зомбылық көрсе Ұлттық сенім телефонына 154 нөміріне хабарласа алады.