Білекті спортшылар Петропавлда өз бақтарын сынауда. Сәрсенбінің сәтті күні облыс орталығында гір көтеруден облыс чемпонаты бастау алды. Айтулы додаға еліміздің түкпір-түкпірінен 400-ге тарта спортшы жиылды.


 Гір көтеру - халық арасында кең тараған спорт түрлерінің бірі. Шойыннан құйылған гір тасын көтеру бойынша Қазақстан қашанда әлемдік додаларда биіктен көрінген. Бүгінде облыс орталығында аталмыш сайыстан Қазақстан чемпионаты өтуде. Жарысқа жастардан бөлек, ардагерлер де қатысуда. Ұйымдастырушылардың айтуынша, өңір намысын 80 спортшы қорғайды.


АНДРЕЙ ГЛЫВЯК , ЖАРЫСТЫҢ БАС ТӨРЕШІСІ:

-  «Бұл сайысқа 14 облыс қатысып отыр. Жарыс 2 күнге созылмақ. Әр спортшы өзінің жасы мен салмағына байланысты өз санатында сыңға түседі. Өңіріміздің гір көтеру шеберлері көптеген жыл бойы жақсы көрсеткіштер көрсетіп келеді. Қазіргі таңда әр жас деңгейінде чемпиондарымыз жетерлік.»


 Бұл жарысқа қатысқандардың арасында ауыр атлетикадан Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Эрик Әлібаев те бар. Адагердің айтуынша оның бұл спорт түрімен айналысқанына биыл 2- ші жыл. Алғашында өзі үшін шыныға бастаса, кейін гір көтерумен кәсіби деңгейде айналысуға шешім қабылдаған. Бүгінгі жарыста Эрик 16 келі гір тасты 190 рет көтерді , егер де спортшы гір тасты 193 рет көтерген жағдайда әлемдік рекордтты орнатар еді.


ЭРИК ӘЛІБАЕВ, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ:

- « Зейнетке шығуыма 2 жыл қалғанда гір көтеру спортымен айналыса бастадым.Бұл спорт түрін мен бұрыннан бері жақсы көремін. Басында бұл спортпен өзім үшін шұғылдандым. Содан кейін жаттықтырушым мені Қазақстан чемпионатына дайындап көрейік деді. Ол жерде жеңіске жеттім, одан кейін Щучинск қаласында өткен Азия чемпионатына қатысып , жұлқа көтеру мен серпе көтеруден бірінші орынды иеленіп әлемдік рекордт орнаттым . Бүгінде әлемдік рекордты жаңартпасам да жақсы өнер көрсеттім деген ойдамын.»


Жанкүйерлердің арасында Эрикті қолдаушылар көп болды. Олар жарыс аяқталғанға дейін тақымдарын қысып отырды.


- « Жақсы өнер көрсетті. Бүгін мен оны қолдауға келдім. Жалпы жаман емес.Бірақ бар күшін салса одан да жақсы көрсеткіш көрсетер еді деп ойлаймын. Мен Эрикті бұрыннан бері танимын. Ол егер алдына мақсат қойса өз дегеніне міндетті түрде жетеді. »

- « Бүгінгі сайысқа дайындалып келдік, мен атамды қолдауға келдім. Балам да арнайы плакат ұстап жанкүйер болып отырды.»


 Кеше спортшылар гір тасын жұлқа көтерсе, бүгін серпе көтеру сайысында мықтыны анықтап жатыр. Айта кеткен жөн, бұл сайыста 1-ші және 2-ші орынды иеленген спортшылар мамыр айының 4-і мен 7-сі аралығында Қырығстанның Бішкек қаласында өтетін Азия чемпионатына жолдама алады.