Петропавлдың 88 жастағы тұрғыны тозығы жеткен апатты үйде тұруға мәжбүр. Үйдің іргетасы жерге кірген, қабырғалары қаусап тұр. Жауын шашынан кейін үйдің бірнеше рет «жамалған» шатырынан су ағады. Үнемі дымқыл боп тұрғандықтан қабырғаны көк басқан. Салдарынан қыс болғанына қарамастан зейнеткердің үйінде шыбын-шіркей бар.


 Зинаида Новокшонова соғыс пен аштықты басынан өткерді, тың игшеруге қатысты. Ол бес баланың анасы, бірақ әжейдің сөзінше, олар жағдайлары келмегендіктен аналарын қастарына ала алмайды. Зинаида Новокшонова тұрып жатқан үй 2015 жылы апатты деп таныған. "Нұрлы жер" бағдарламасына сәйкес авариялық тұрғын үй санаты бойынша үйге кезекте тұрған азаматтарға жалға берілетін коммуналдық пәтерлер берілмейді. Ал Тыл еңбеккері тұрмыс жағдайының жақсарғанын қалайды.


 ЗИНАИДА НОВОКШОНОВА ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ:

 - Мұнда өмір сүру мүмкін емес,осы қыста үйдің асты суға толып кетті үй құлауға шақ тұр. Әкімдікке көмек сұрап барған едім, олар маған біз жеке меншік иелеріне көмектеспейміз деді. Күйеуім осыдан 3 жыл бұрын қайтыс болды.