Облыс әкімі Айдарбек Сапаровтың ауыл халқымен кездесулері жалғасуда. Бұл жолы өңір жетекшісі Мағжан Жұмабаев ауданына барып, әлеуметтік нысандарды аралады. Кейін Булаев қаласының әкімдігінде халықпен кездесу өткізіп, аудан басшыларына бірқатар тапсырма жүктеді.


Ең алдымен өңір жетекшісі Булаевтағы «Алтын ұрпақ» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығына бас сұқты. Былтыр жұмысын бастаған орталықта 152 бала 6 бағыт бойынша қабілеттерін шындайды. Атап айтқанда өлкетану, стим білімі, қолданбалы өнер, бизнес-кәсіпкерлік, домбыра және робототехника үйірмесі жұмыс істейді. Орталықта 7 мұғалім еңбек етеді.


 АРМАН ЕСЕНТЕМІРОВ, РОБОТОТЕХНИКА ҮЙІРМЕСІНІҢ МҰҒАЛІМІ:


 Орталықтың ашылғанына көп бола қоймаса да айтарлықтай нәтиже бар. Балалар облыстық және республикалық сайыстардан жүлделі оралып жүр. Мәселен мына кішкентай балақайдың есімі – Алдияр. 6 жасар балақай республикалық жасыл технологиялар сайысында 1 орынға ие болған. Өз өнертабысын әкімге де таныстырды.


 АЛДИЯР БЕРДІҚҰЛОВ, ОРТАЛЫҚ ТӘРБИЕЛЕНУШІСІ:

-  «Мен бөтелкелерден көңілді алфавит жасадым. Пластикалық өнімдерді қайта қолдансақ біздің планета аз ластанады.»


 Нөмірі 2 Булаев орта мектебінде орталықтың тағы бір филиалы жұмыс істейді. Мұнда сондай-ақ экологиялық туризм үйірмесі бар. Жақында Писаревка ауылындағы орта мектепте тағы бір филиал ашу жоспарланған. Айдарбек Сейпілұлы орталық мамандарына ризашылығын білдіріп, балаларға сәттілік тіледі.


АЙДАРБЕК САПАРОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:


Өңір жетекшісі бұдан кейін аудан орталығындағы дене-шынықтыру сауықтыру кешеніне барды. Мағжан Жұмабаев ауданының спорт саласындағы көрсеткіштері өте тамаша. Аудан халқының 38 пайызы спортпен айналысады. Жақында ғана бокстан Азия чемпионы атанған Нұрсұлтан Жақыпов пен хоккейден жастар арасындағы ұлттық құрамаға шақырту алған Михаил Калиниченко осы ауданның тумалары. Жалпы ауданда соңғы 4 жыл көлемінде бірнеше спорттық нысан салынды. Айдарбек Сапаров спорт кешенін аралап, ауданның спорт саласындағы нәтижелеріне жоғары баға беріп, мұнымен тоқтап қалмау керек екнінін айтты.


 АЙДАРБЕК САПАРОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:


 Кейін облыс әкімі аудан әкімшілігінде тұрғындармен кездесу өткізді. Ең бірінші аудан әкімі есеп беріп, келер жылы атқарылатын жұмыстардың біразын жіпке тізді.


ҚАЙРАТ ОМАРОВ, МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:


Өңір жетекшісі ауданның ауыл шаруашылығы саласындағы көрсеткіштерін сынға алды.


 АЙДАРБЕК САПАРОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- «Өздеріңіз білетіндей , біз жыл сайын жарты миллион тонна сүтті импорттаймыз. Шаруашылықтардың ілуде біреуі ғана мал өсірумен айналысады. Мемлекет басшысының тапсырмасы орындалмаған. Бұл саланы дамыту үшін көптеген тиімді бағдарлама бар. Аудан аймағында сүт фермасы да құс еті фермасы жоқ. Осы жерде шаруашылық басшылары отыр. Аудан әкімі ретінде дереу арада сізге осы саланы қолға алуды тапсырамын.»


 Аудан әкімінен кейін сөз кезегі басқарма басшыларына берілді. Облыстық білім басқармасының басшысы Нәзір Жәшібековтің айтуынша, аудан түлектерінің ҰБТ-дағы орташа көрсеткіші 69 балл. Бұл облыстың орташа көрсеткішінен әлдеқайда төмен.


АЙДАРБЕК САПАРОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- «Білім басқармасы қайда қарап отыр? Неге түлектердің көрсеткіштері өте төмен? Білім деңгейін көтеруге тапсырма беремін. Мектеп директорларын жинап, житналыс өткізініздер. Мәселенің неде екенен анықтаныздар. Мектептер мен педогогтарға қажетті жағдай жасаңыздар. »


Сондай ақ, жиын барысында аудандағы денсаулық сақтау, сумен жабдықтау және жол мәселелері талқыға түсті. Белгілі болғандай жолдарды жөндеу үшін ауданға берілген бюджеттің 660 млн теңгесі игерілмей кері қайтарылған екен. Бұл аудан басшылығы жіберген олқылық деген өңір жетекші олардың жұмысын сынға алды.


АЙДАРБЕК САПАРОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- «Ауыл-ел бегісі» бағдарламасы бойынша республикалық және облыстық бюджеттен қыруар қаржы бөлінеді. Бірақ оны аудан әкімдері игеріп үлгермейді. Өйткені, жоспарлау жағы ақсап тұр. Ал сол қаражатты басқа салаларға да жұмсауға болар еді. Биыл Булаев қаласына кіре беріс жолды жөндеуге тағы бірқатар көшелерді қалыпқа келтіруге қаржы бөлінді. Ендігі аудан әкімінің міндеті сол қаржыны уақытылы игеру.


 Кездесуде жұмабаевтықтардан түскен әр сауалды өңір жетекшісі өз бақылауына алып, қарастыратындығын жеткізді. Осы ретте аудан әкімдері де қарап отырмауы тиіс деді.