Ақынның ақыны Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдық мерейтойы жалғасудаАқынның ескерткіші ашылыптуған топырағында дүбірлеп тойланғаннан кейінбілімнің қара шаңырағы М.Қозыбаев атындағы СҚМУ халықаралық конференция ұйымдастырылдыОған Мағжанды зерттепөлеңдерін өзге тілге аударған шет мемлекеттермен қатарқазақ зиялылары қатысыптың деректерімен бөлістіБұл күні Мағжантанушыларға құрмет көрсетіліптөсбелгілер тағылды сонымен қатарбірнеше кітаптың тұсауы кесілді.

Конференция ақынның кітаптары мен жинақтарынан құралған арнайы көрмеден бастау алды. Алыс-жақыннан келгендерге қолжазбалары таныстырылды.

САМАТ САПАРАЛЫТІЛШІ

Петропавлда жерлес ақын М.Жұмабаевтың 125 жылдығына арналған «Мағжан мұрасы және әлемдік руханият» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өттіОған АҚШ, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей және тағы да басқа мемлекеттермен қоса Қазақстанның басқа да өңірлерінен ғалымдар қатысып, ақынның өмір жолы мен шығармалары жайлы баяндама жасады. Сонымен қатар, салтанатты шарада ақын жайлы бірнеше кітаптың тұсауы кесілді.

Салтанатты шарада «Мағжан Жұмабаевтың туғанына 125 жыл» тақырыбындағы «Ұмытылмас және мерейтойлық даталар» сериясының пошта маркасы таныстырылды және ол бүгіннен бастап айналымға енгізілді. Пошта маркасында ақын, публицист, қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Мағжанның суреті мен 4 бояулы офсетті баспада шығарылған. Таралымы 10 мың дана. Мерейтой күні жиналғандар мен Мағжантанушыларға Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев пен Парламент депутаты Абай Тасболатов құттықтау хатын жолдап, облыс әкімі Құмар Ақсақалов ақын жайлы жылы лебізін арнады.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВСОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

М.Жұмабаев поэзия әлеміндегі сәулесі мәңгі өшпес жұлдыз, қайталанбас құбылыс. «Мағжанақынның ақыны», С.Мұқанов осылай деп кеткен. Академик М.Әуезов, «кейінге қалатын сөз Мағжандыкі» деп мойындаған. Мағжан үшін жастардың орны бөлек болды, ол халқының болашағы үшін күресетін негізгі күш жастар деп өтті. Мағжанның сенімін ақтайтын, жолын жалғайтын осында отырған жастар. Әрқайсыңыздың Мағжантану іліміне қосқан үлестеріңіз ерекше. Еңбектеріңіз жемісті болсын, Мағжан рухы қолдасын.

Шара барысында Құмар Іргебайұлы бірқатар ғалым-жазушылар, профессорлар мен аудармашыларға «М.Жұмабаевтың 125 жылдығы» мерейтолық төсбелгісімен марапаттады. Айа кету керек, ақынның шығармалары әлемнің бірнеше тілдеріне аударылып, ой-толғаулары көпшіліктің жүргеніне орын алуда. Ал түрік халқы ақынды ерекше құрмет тұтады, олар барлық өлеңін өз тілдеріне аударып, докторлық, магистрлік диссертациялар да баспадан шығарылған дейді.

ХУЛИЯ КАСАПОГЛУ ЧЕНГЕЛ, ГАЗИ УНИВЕРСИТЕТІ ТҮРКІТАНУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ, Ф.Ғ.ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР, ТҮРКИЯ:

- Мағжан тек Қазақстанда емес, Ұлы далада емес, Түркияда, бүкіл түркі әлемінде ардақты, мәшһүр ақын. Мағжан түркі әлеміне өлеңдерімен жақсы мысалдар берген ақынымыз, қазақ тілі бойынша, адамгершілік бойынша, бала тәрбиесі бойынша, ұлттық рух бойынша, бұл ең маңыздысы. Мағжан алаштың ең маңызды адамдарының бірі, ұлттық рухты келесі ұрпаққа ұғындырған адам. Қазір Елбасы, Қазақстан Көшбасышысы Н.Назарбаев Мағжан жолын жалғастыруда.

Бұл күні ақынның туған күніне орай семейлік әдебиеттанушы Тұрдығұл Шаңбай «Біздің Мағжан» кітабын 4 тілде басып шығарып, тұсауын кессе, жерлес профессор Зарқын Тайшыбай «М.Жұмабаев өмірі мен шығармашылығы» кітабының 2 томын таныстырды. Сонымен қатар, «Мағжан» журналының бас редакторы, «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС директоры Жарасбай Сүлейменов те ақынның энциклопедиясының лентасын қиды.

САБЫР СЕҢКІБАЕВ, А.МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ, КӨКШЕТАУ:

- 80 жылдың басынан 2000 ортасына дейін ғылыми айналымда 3800-ге жуық Мағжан туралы дүниелер бар. Оның ішінде монография, «Мағжан, Сәкен»эссесі бар, сосын он шақты ғылыми-кандидаттық дессертация қорғалды, оның ішінде үшеуі педагогикадан қорғалды. Оны айтып тұрған себебім көбі Мағжанды бір-ақ қырынан біледі, поэзия қырынан. Әрине ол Абайдан кейінгі тың жол салған әлемдік деңгейдегі ақын. Бірақ ол сондай дәрежеде педагог, ағартушы 13-17 жылдар арасында Омбыда оқып, кейіннен педагогика оқулығын жазып, сабақ беріп, мұғалім болып, осында Өрлеу институтының негізін 1920 жылы қалаған азамат.

Сонымен қатар бұл күні зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен «Ұлы даланың құндылықтары», «Мағжан және түркі әлемі», «Әлемдік лингводискурстегі Мағжантану және тіл білімі» атты секциялық отырыстар өтті.

Самат САПАРАЛЫ

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар, Мағжан Жұмабаев, конференция