Биыл алаштың арысы – Мағжан Жұмабаевтың туғанына 125 жыл. Қазақ тарихында есімін алтын әріппен жазып қалдырып кеткен сөз зергерінің өлең-жырларын бүгінгі таңда егемен еліміздің көршілес, бауырлас мемлекеттерінде оқып, үйренеді. Жас ұрпаққа Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы, қазақ поэзиясына қосқан үлесі туралы жеткізу мақсатында білім беру мекемелерінде арнайы «Мағжантану» пәні де оқытылады. Атаулы датаға орай қалалық мәдениет үйіндегі кітапханада оқушылар мен студенттердің қатысуымен «Ұлы даланың-дара тұлғасы» атты конференция өтті.
Алмагүл Әбденгина осы кешке арнайы «Мағжан Жұмабаев және заманауи заман» атты эссе жазып келіпті.Мағжанның жас ұрпаққа мұра қылып қалдырған өлеңдеріне жаңа заман көзімен қарау арқылы біз рухани жаңғырамыз, күшейеміз дейді болашақ ұстаз.
АЛМАГҮЛ ӘБДЕНГИНА, М.ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТІ:
- Осы эссеге мен шамамен 1 айдай жұмсадым уақытымды.1:39 Мағжан Жұмабаевтың Зманауи заман яғни осы замандарды салыстырдым.Мен сол заманға да үңілдім, және осы жас ұрапқ мені қолдар деп осы тақырыпты қозғадым.
Сондай-ақ кешке оқушылар және студенттермен Мағжан туралы өз ата-әжесінен естіген естеліктерімен бөлісу үшін ақынның Сәлжан есімді інісінің немересі Гүлмира Бекенова да келді. Гүлмира Тасболатқызы Мағжан Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледжде «Мағжантану» пәнінен дәріс оқиды.
ГҮЛМИРА БЕКЕНОВА, М.ЖҰМАБАЕВТЫҢ ТУЫСЫ:
- Екі студентім бүгін Мағжан туралы мәлімет дайындап әкелдім. Менің атам және әжем туралы.Мағжанның туған інісі Сәлімжан Бекенұлы, Бибізайып келіні болады.Осы шараға келіп отырған жастарға,оқушыларға танымал болсын, тарихын білсін деп, шындық тарихын және осы біздің Солтүстік Қазақстанның мақтанышы деп білсін.
«Ақын өлгенімен дана сөзі өлмек емес» дегендей осы күні қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы Мағжан Бекенұлының өлең-жырлары оқылып, қалалық мәдениет үйі жанындағы театрдың жас актерлары оның балалық шағы туралы шағын қойылым көрсетті.
Майгүл СЕЙІЛБЕК
Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар