Бесінші ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы еліміздің саяси жүйесін жаңғыртуға бағытталған бірқатар маңызды бастаманы жариялады. Президенттің айтуынша, Ұлттық құрылтай мен Қазақстан халқы Ассамблеясы өз тарихи міндетін толық атқарды. Енді олардың орнына кеңейтілген құрамы бар Халық кеңесі құрылмақ. Сонымен бірге бірпалаталы жаңа Парламентті «Құрылтай» деп атау ұсынылды. Оның құрамында 145 депутат, үш вице-спикер және сегізден аспайтын комитет болады. Бұл – парламенттік жүйені жеңілдетіп, тиімділікті арттыруға бағытталған қадам.
Мемлекет басшысы Халық кеңесінің құрамын да нақтылады. Мәдени бірлестіктерден, қоғамдық ұйымдардан және мәслихаттардан 126 мүше. Құрылтайда тарихи-мәдени тақырыптар да назардан тыс қалмады. Президент Абайдың қара сөздері ЮНЕСКО қорына енгізілетінін, Қазақстан тарихының 7 томдығы әзірленіп жатқанын айтты. Сондай-ақ «Жошы хан» деректі фильмі ел ішінде кеңінен көрсетілмек. Жасанды интеллект саласын дамыту, Аралды құтқару жобасын жеделдету мәселелері де күн тәртібінде болды.
СНХ: САҒЫНДЫҚ САЛМУРЗИН, ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ: