Қаңтардың 18-і күні кешке Қызылжар ауданына қарасты Ольшанка елді мекенінде жеке тұрғын үйде өрт шығып, бес жасар мерт болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, тілсіз жау орын алған уақытта сәби үйде жалғыз болған және сыртынан құлыпқа жабылған. Оның мүрдесін төтенше жағдайлар қызметі мамандары жалынды толығымен ауыздықтаған сәтте тапты. Қазір бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталып, қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ осы күні аталмыш ауданданда тағы бір тұрғын үй отқа оранып, куәгерлердің айтуынша, онда газ баллоны жарылған.

СНХР: ӘДІЛ СПАЕН – СҚО ТЖД ӨРТ СӨНДІРУ ЖӘНЕ АВАРИЯЛЫҚ-ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ