Фтизиопульмонологиялық орталық – туберкулез бен басқа да өкпе-кеуде ауруларын кешенді түрде диагностикалау, емдеу және алдын алу бойынша қызмет атқарады. Облыстық медициналық орталықта 25-тен астам дәрігер жұмыс істейді. Олардың бірі – жоғары санатты фтизиатр, бронхолог, пульмонолог, денсаулық сақтау саласына шамамен 40 жылын арнаған маман.
Сламбек Адайбекұлы педагогтар отбасында дүниеге келген, Ауғаныстандағы жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқан. Әскерден кейін ол өмірін адамдарды құтқаруға арнауды шешкен. Қиындықтарға қарамастан таңдаған жолына еш өкінбейтінін айтады.
СЛАМБЕК ЖҰМАҒҰЛОВ, БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ, ЖОҒАРҒЫ САНАТТЫ ФТИЗИАТР, БРОНХОЛОГ, ПУЛЬМОНОЛОГ
Кәсіби білім, әр пациентке деген адамгершілік қатынас пен заманауи құрал-жабдықтар Солтүстік Қазақстан тұрғындарының денсаулығын қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Сламбек Адайбекұлы өз еңбегіне қарапайым қарайды және әріптестері арасында құрметке ие.
НАТАЛЬЯ СУХОДУБОВА ФТИЗИАТР ДӘРІГЕР
Солтүстік Қазақстан облыстық фтизиопульмонологиялық орталығында бірнеше бөлімше жұмыс істейді, мұнда 120 орындық стационар бар. Күн сайын медицина қызметкерлері өкпе ауруларынан емдеп, науқастарды қалыпты өмірге қайта оралуына көмектесуде.
СЛАМБЕК ЖҰМАҒҰЛОВ, БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ, ЖОҒАРҒЫ САНАТТЫ ФТИЗИАТР, БРОНХОЛОГ, ПУЛЬМОНОЛОГ
Өкпенің саулығын сақтау үшін пульмонолог дәрігерлер саламатты өмір салтын ұстануға, спортпен шұғылдануға кеңес береді. Ал жөтел, ентігу немесе кеуде тұсының ауыруы байқалса, ауруды асқындырып алмас үшін дереу дәрігерге қаралу қажет дейді.