Жуырда Петропавлда ҚР қолөнершілер одағының мүшесі, ЮНЕСКО сапа белгісінің иегері, этнодизайнер Тілек Сұлтанның «Киелі кимешек» көрмесі ашылды. Ұлттық киім күніне орай, облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов оны тамашалап қайтты. Аймақ басшысы дәстүрлі кимешектердің тарихына көз жүгіртіп, көрмеде көрсетілген үлгілерімен танысты.
Кимешек - қазақ халқының ұлттық бас киімі, әйелдердің дәстүрлі киімдерінің маңызды бөлігі. Ол әйелдің қадір-қасиетін, оның отбасына, ел мен қоғамға деген сый-құрметін көрсететін киім болып саналады. Осындай кимешектердің бірнеше түрі теріскейліктердің назарына ұсынылды. Аймақ басшысы шарадан тыс қалмай, ұлттық мәдениеттің бір бөлігімен танысып қайтты.
«Киелі кимешек» көрмесін «Қара шаңырақ» республикалық қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған. Ұйым директоры Тұрар Шәкен көрмедегі кимешектердің аймақтық және рулық ерекшеліктері, әрбір ою-өрнектердің мән-мағынасы жайында ақпарат берді.
СНХ: ТҰРАР ШӘКЕН, «ҚАРА ШАҢЫРАҚ» РҚБ ДИРЕКТОРЫ
Кимешектердің түрлері мен ою-өрнектері уақыт өте келе өзгергенімен, оның мағынасы мен әлеуметтік рөлі әлі күнге дейін сақталып келеді. Көрмеде дәстүрлі кимешектердің 21 үлгісі көрсетілді. Әрқайсысы өз ерекшеліктерімен көзге түседі.
СНХ: Тұрар Шәкен, «Қара шаңырақ» РҚБ директоры
Көрме дүйім жұрттың назарына 6 сәуірге дейін ұсынылмақ. Келем деушілерге мархабат. Айта кетейік, алдағы уақытта этнодизайнер Тілек Сұлтанның «Киелі кимешек» көрмесі басқа да өңір тұрғындарының, тіпті шетелдіктердің назарына ұсынылады деген жоспар бар.