Облыста бруцеллез ауруы таралуына байланысты енгізілген шектеу шаралары алынып тасталды.
Жыл басынан бері 500 бастан артық малдан қауіпті инфекция анықталған еді. Салдарынан ауру жұқтырған 3 адам тіркелді. Оның екеуі жасөспірім. Бруцеллезге шалдыққан малдың 90 пайызы ірі шаурашылықтарға тиесілі. Инфекцияның әрі қарай таралуының алдын алу мақсатында Тимирязев, Қызылжар, Ақжар және Айыртау аудандарында орналасқан 4 серіктестік пен бірнеше елді мекенде шектеу шаралары енгізілген болатын. Облыстық ветеринария басқармасының мәліметінше соңғы рет алынған сынамаға сәйкес малдардың бруцеллез жұқтырмағаны анықталған. Жалпы жыл басынан бері 800 мыңға жуық сынама алынып, талдау жасалды.
АМАНЖОЛ НҰРТАЗИН, ОБЛЫСТЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
- Малға вакцина қою үшін, бруцеллезге қарсы, ең алдымен мал иелері өздері ұсыныс беруі қажет. Бұл вакцина тегін түрде қойылмайды. Аурудың таралуына жол бермеу үшін ветеринария мамандары вакцина қойдыртуға кеңес береді.