Петропавлда құрылыс алаңында 22 жастағы жігіт қайтыс болды.


Ол әріптестерімен бірге "Масло-дел" заутының қосалқы ғимаратына су құбырын тарту үшін қазылған шұңқырды тазалап жүрген. Абайсызда үстіне топырақ құлап, басып қалған. Жедел-жәрдем қызметі жарақат алған жігітті ауруханаға жеткізді. Алайда ол операция үстелінде қайтыс болды. Дәрігерлердің айтуынша марқұмның ішкі органдары езіліп кеткен. Қайғылы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.


АЗАТ КӨШЕРБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Бұл жерде азамттық-құқықтық сипаттағы шарт жасалғанына байланысты, жазатайым оқиға бойынша тергеп-тексерілу жұмыстары жүргізілмейді. Бұл шарт бойынша тек қана сот арқылы шешілетін болады, бүкіл сұрақтар.