Облысқа келген гуманитарлық көмектің белгілі бір бөлігі «Радуга» компаниясының алдында қабылданып жатыр. Облыста жалпы тасқыннан зардап шеккендерге 329 тонна гуманитарлық көмек жиналған. Бүгін ғана Көкшетау және Павлодардан бірнеше жүк көлігі келді.
Су тасқынынан зардап шеккен солтүстікқаақстандықтарға еліміздің әр өңірінен гуманитарлық көмек келіп жатыр. Азық-түлік пен киім-кешек, дәрі-дәрмектен бөлек, су басқан өңірлер үшін аса қажет үрлемелі қайық, резеңке етік, күрек-қолғап, мотопомпа, тоқ беретін генераторлар да жеткізілу үстінде.
АЙЖАН ҚАЛИ, ВОЛОНТЕР, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ:
- 15 сәуір күні Павлодар қаласында гуманитарлық көмек жинап бастадық. Бұл іске кәсіпкерлер, жастар, депутаттар мен барша жұртшылық ат салысты. Бүгін біз жалпы көлемі 60 тонна болатын гуманитарлық көмек әкелдік. Оның ішінде азық-түлік, киім, қажетті құрал-жабдықтар бар.
Тасқынмен арпалысып, тұрғындарға қолдан келген көмекті көрсетіп жатқандардың бірі – Диас Есжанов. Күні-түні жүктерді тасып, тұрғындарды эвакуациялауға ат салысып жүр. Диасың ойынша ерікті болу әр азаматтың міндеті.
ДИАС ЕСЖАНОВ, ВОЛОНТЕР:
- Баршаңызды шақырамыз. Қазір адам жетіспей жатыр. бұл гуманитарлық көмекті тарату керек, түсіру керек. Аудандарға бөлу керек. Жастарды осында шақырамын.
Гуманитарлдық көмек осындағы 10 контейнер мен жақын маңдағы алаңда қабылданып жатыр. Кейін тауар су тасқынынан зардап шеккендерге тізім бойынша таратылады.
БОЛАТ ДАНИЯРОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ СҚОФ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Осы бірліктің арқасында біз мына әр өңірден қажетті көмекті алып жатырмыз. Бұл Қарағанды, Қостанай, Қызылорда. Алматы облысы да көмек жіберуге дайындалып жатыр. Табиғи апатқа байланысты не қажет соны жіберіп жатыр. Міндетті түрде, біздің жағдайды естігеннен кейін суды жиі жіберіп жатыр соңғы күндері.
Қала бойынша тағы қосымша 3 гуманитарлық көмек қабылдау пункті ашылады.