Бүгінде Шал ақын ауданы Кривощеково ауылында 7 шақырым ауылішілік жол жөнделІП ЖАТЫР. «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында қазынадан бұл мақсатқа 105 млн теңге бөлінді. Сондай-ақ елдімекенді көркейтуге Асыл-логистик серіктестігі сүбелі үлес қосып келеді. Алдағы жылы серіктестік тауарлы-сүт кешенін салуды жоспарлап отыр. Нысан 600 басқа шақталмақ. Жоба құны - 2,5 млрд теңге. Осылайша, 30 жаңа жұмыс орны ашылады.

Құмар Ақсақалов Шал ақын ауданына сапары барысында Кривощёково ауылына соқты. Елді мекен тұрғындарының тұрмыс жағдайы бұрынғыға қарағанда әжептәуір жақсарған. Мамыр айында ауылдағы су құбырын жөндеу жұмыстары басталды. Бұл іске 90 млн теңге бөлінген.

АНДРЕЙ БОЧАРОВ, «БОЧАРОВ» ЖК ДИРЕКТОРЫ:
- Қазіргі уақытта 10 шақырым жерге су құбыры тартылды. 30 баған орнатылды. Су жинақтағыш жаңартылып, 2 ұңғыма жөнделді. Су құбырын 2 апта ішінде іске қосамыз деп жоспарлап отырмыз. Әзірге, 40 тұрғын үйге су тартылды.

Бүгінде Кривощеков елді мекенде 7 шақырым ауылішілік жол жөнделіп жатыр.  «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында қолға алынған шаруаға 105 млн теңге бағытталды. Айта кетсек, елді мекеннің гүлденуіне «Асыл Логистикс» серіктестігі сүбелі үлестерін қосып келеді. Мамандардың алға қойған жоспары ауқымды.

ҒАБИДЕН БАЛҒЫНБЕКОВ, «АСЫЛ ЛОГИСТИКС» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ:
- Климат өзгерді. Осыған байланысты біз Сергеев су қоймасы арқылы суару жүйесін қосқымыз келеді. Нәтижесінде 5 мың гектарды суара аламыз. Жобалық-сметалық құжаттары дайын, қажетті қондырғыларға тапсырыс беріп қойдық. Қазіргі уақытта құбырларды салып жатырмыз, электр энергиясы да тартылады. Кривощеководан бөлек, Сухорабовка мен Афанасьевкада астық қоймасының құрылысын бастадық.

Бұл жоспарды жүзеге асыру үшін 7 млрд теңге жұмсалады. Одан қалды, ендігі жылы серіктестік тауарлы-сүт кешенін салуды жоспарлап отыр. Нысан 600 басқа шақталмақ. Жоба құны - 2,5 млрд теңге. Осылайша, 30 жаңа жұмыс орны ашылады деп көзделген. «Асыл Логистикс» серіктестігінің атқарып жатқан жұмыстарына тұрғындар да риза.

СӘУЛЕ АШЫМАЕВА, Кривощеково ауылының тұрғыны:
- Көп өзгерістер болып жатыр. Жолымыз жөнделді, рахметімізді айтамыз. Мен 10 жыл көрмеген асфальтымды осында келіп соңғы 2 жылда көріп отырмын. Сергеевка-Заря арасындағы жолымыз жақсарды. Барлығы алғыстарын білдіруде. «Асыл Логистикстың» мамандары жоспарларымен таныстырып отыр. Қуаныштымыз.

Серіктестіктің тындырып жүрген шаруасы Құмар Ақсақаловтың да көңілінен шықты. Сөзінше, кіріс артқан сайын әлеуметтік сала да жақсаруы тиіс.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
- Бұл азаматтарды қолдау керек. Үкімет тарапынан да біраз қаражат бөлініп отырғандығын көріп отырсыздар. Жол жақсарды, су мәселесі де шешіліп қалар.

 «Асыл Логистикс» серіктестігі ауыл тұрғындардың өмір салтын жақсартуға аса мән береді. Биыл еңбекақы мөлшері 20%-ға артқан. Келешекте мектеп пен мәдениет үйін жөндеу жоспарланған. Демек, ел Президентінің Жолдауда жүктеген тапсырмалары біртіндеп орындалып келеді.