Негізгі Жаңалықтар СҚО-да «Мектепке жол» акциясы аясында 7,6 мыңнан астам балаға көмек көрсетілді

СҚО-да «Мектепке жол» акциясы аясында 7,6 мыңнан астам балаға көмек көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облысында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жалғасып жатыр. «Жақсылық жаса» ұранымен өтетін іс-шара аясында әлеуметтік осал санаттағы балаларға жаңа оқу жылына дайындалуға көмек көрсетіледі. Биыл бір балаға берілетін біржолғы төлем мөлшері 50 мың 851 теңгені құрайды. 

Акция 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін өтеді. Көмек атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балаларына, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасыларға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, сондай-ақ төтенше жағдайдан зардап шеккен отбасылардың балаларына көрсетіледі. Бүгінде облыста 7 мың 653 өтініш бойынша төлем жүргізіліп, жалпы 389,2 миллион теңге бөлінді. Сонымен қатар демеушілердің қолдауымен 580 балаға 6,5 миллион теңге көлемінде көмек көрсетілді.

СНХР: ӘСЕЛ ОРАЗБАЕВА, СҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ 

Бөлісу

Аймақтық телеарналар