Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанның Премьер-министрімен келіссөз жүргізді. КСМ: Тараптар соңғы жылдары Қазақстан мен Пәкістан арасында көпжоспарлы ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Әуелі үкімет резиденциясында Шахбаз-Шариф, Мемлекет басшысын қарсы алып, салтанатты рәсім өтті. Содан кейін бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылы сап түзеп, екі елдің әнұрандары орындалды.
Қарсы алу рәсімінен кейін Президент Пәкістан Премьер-министрінің резиденциясы аумағында ағаш отырғызды. Шағын құрамдағы келіссөз барысында саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты нығайтудың перспективті бағыттары талқыланды. Кездесу барысында сауда, көлік-логистика, энергетика, ауыл шаруашылығы, цифрландыру, ғарыш және қаржы салаларындағы қарым-қатынасты тереңдету мәселесіне баса назар аударылды. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шахбаз Шариф өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде де пікір алмасты.