Игі дәстүрге айналған «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы 2026 жылы да өз жалғасын табуда. Бұл рухани бастама қоғам назарын кітап оқуға бұрып, ұлттық әдебиетке деген қызығушылықты арттыруды, сондай-ақ барша оқырманды ортақ құндылықтар аясында біріктіруді мақсат етеді. Аталмыш акция аясында Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында Бейімбет Майлиннің шығармашылығына арналған іс-шара өтті.

Кітапханада қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Бейімбет Майлиннің шығармашылығына арналған кеш ұйымдастырылды. Іс-шара барысында «Солтүстік Қазақстан» редакциясының өкілдерімен кездесу ұйымдастырылып, жазушының «Шұғаның белгісі», «Күлпаш», «Даудың басы – Дайрабайдың көк сиыры» атты шығармалары оқылып, мазмұндық талдау жүргізілді.

СНХ: ҚАБДОЛЛА БЕЙІСХАН – Ғ. МҮСІРЕПОВ АТЫНДАҒЫ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР КІТАПХАНАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ

Кездесу барысында шығармалардағы әлеуметтік мәселелер, адам тағдыры, қоғам шындығы мен көркемдік ерекшеліктері талқыланды. Қатысушылар Бейімбет Майлин туындыларының әдеби және тәрбиелік маңызына тоқталып, пікір алмасты.

СНХ: ЕРБАҚЫТ АМАНТАЙ – "ҚЫЗЫЛЖАР-АҚПАРАТ" ЖШС ДИРЕКТОРЫ

Аталмыш кездесулер – ұлт руханиятын ұлықтайтын, жас ұрпақтың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып, әдеби мұраға құрметпен қарауға үндейтін маңызды бастама. Мұндай тағылымды кездесулер оқырман мен қаламгер шығармашылығы арасындағы рухани байланысты нығайтып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге өз үлесін қоса беретіні анық