Президенттің бастамасымен 2024 жылдың сәуір айынан бастап «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы өткізіліп келеді. 2025 жылы Петропавл қаласында 887 іс-шара ұйымдастырылды. Қала тұрғындары «Таза Қазақстан» телеграм-ботын белсенді пайдаланып, оған 226 өтініш түсті. Басым көпшілігі қоқыс шығару мен жол жөндеу жұмыстарына қатысты болды. Осы және басқада өзекті мәселелер жайлы қала әкімі Серік Мұхамедиев өңірлік коммуникациялар қызметінде баяндады.


Қалада рұқсатсыз қоқыс тастау мәселесі әлі де өзекті болып қала береді. «Ғарыш Сапары» компаниясының спутниктік бақылауы арқылы 9 заңсыз қоқыс орны анықталып, жойылды. Жалпы биыл 39-дан астам қоқыс үйіндісі реттеліп, 320 тоннадан артық қалдық шығарылған. Бұл жұмыстарға 36 млн теңге бағытталды.

СНХ: СЕРІК МҰХАМЕДИЕВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Петропавл қаласындағы басты жаяу жүргіншілер көшесі Қазақстан Конституциясы көшесін абаттандыру жұмыстарының бірінші кезеңі жалғасып жатыр. «Miras Group» ЖШС-мен жасалған келісім бойынша бүгінгі күні 38 мың м² тақтайша төселді, 37 қоқыс жәшігі және түрлі типтегі 50 орындық орнатылды. 6 жаңа LED-экран орнатылды. 2100 м² аумақта көгалдандыру және жасанды жабын төсеу жұмыстары жүргізілді.


СНХ: СЕРІК МҰХАМЕДИЕВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ: 

"Таза қазақстан"жалпыұлттық акциясының аясында қалада абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Қала әкімі Серік Мұхамедиев тұрғындар үшін жаңа нысандар салынып, бар жағдай жасалып жатқанын атап өтті