Облыстық мәслихатта әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде 4 мәселе қаралып, талқыға салынды. Жиында ең алғ,аш болып Айыртау ауданының әкімі Мейрам Меңдібаев баяндама жасады. Сондай-ақ, тәртіп бұзған Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылдық округі әкімі мен Қызылжар ауданы Бескөл ауылдық округінің әкімдеріне қатысты шешім шықты.

Айыртау ауданында барлығы 22 мемлекеттік орган жұмыс істейді. Мемлекеттік қызметшілердің штаттағы саны - 147. Бірақ, қазіргі таңда 8 бос жұмыс орны бар.

СНХ: МЕЙРАМ МЕҢДІБАЕВ, АЙЫРТАУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ


Ал, биыл 8 конкурс жарияланған. Бүгінде оның 2 – еуі өткізілген. Аудан әкімі өз сөзінде, кадр тапшылығы мәселесін шешуде бірқатар жұмыс атқарылып жатқанын жеткізді. Сондай-ақ, жиында Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылдық округінің әкіміне қатысты мәселе қозғалды.

СНХ: ДИАНА САЛГАРИНА, СҚО МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ


Жиынға Кішкенөл ауылы әкімінің өзі қатыспады. Бірақ, ол өзіне тағылған айыпты толығымен мойындайды. Әдеп жөніндегі кеңестің мүшелері оған бір ауыздан «қызметіне толық сай емес» деген ескерту жасады. Қызылжар ауданы Бескөл ауылдық округі әкімінің ісі де қаралды.

СНХ: ӘСЕМГҮЛ БЕГАЛИНА, СҚО МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ


СНХ: ГҮЛСІМ КӘРІМОВА, БЕСКӨЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ


Комиссия мүшелері Гүлсім Кәрімоваға да «қызметіне толык сай емес» деген ескерту жасауды ұйғарды.