Туған жерге туыңды тік, деген дана халқымыз. Ақжар ауданындағы «Бекет» фермерлік шаруашылығы жұмысшыларының ғана емес,Ұялы, Дәуіт және Горьковское елді мекендерінің тұрғындарының да жағдайын жасап келеді. Қолы ашық, жүрегі кең кәсіпкердің жоспарлары жөнінде әріптесім Майгүл Сейілбек біліп қайтты. 
 
«Бекет» фермерлік шаруашылығының директоры Марат Шәпенов ауыл шаруашылығымен 2014-ші жылдан бері айналысып келеді. 2017-ші жылы кәсіпкер Дәуіт ауылында 600 басқа шақталған сүт-тауарлы фермасын ашқан. Бүгінгі күні фермада тәулігіне 1мың литрге дейін сүт алынады. Ол жерде еңбектенетіндер осы ауылдың тұрғындары. Ал, Горьковское елді мекенінде фермердің «Ақ-ниет-агро и К» ЖШС-і бар. Бұл жақта ол 16 мың 280 гектарға дәнді және майлы дақылдың түр түрін еккен. Осылайша жерлесіміз Горьковское ауылының 198 тұрғының тұрақты жұмыспен қамтып отыр. 
 
МАРАТ ШӘПЕНОВ, «БЕКЕТ» ФЕРМЕРЛІК ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫҮ
-   Бүгінше арпа мен бидайды жинап алдық. 15 центнер урожайность.  Мұнда мың бас қара мал бар и 1,5 мың жылқы ұстаймыз. Осы ХППны сатып алып, ремонт жүргізіп, екі сушилканы іске қосып, жұмыс істеп жатырмыз. 
 
Марат Шәпенов кәсібін дөңгелетіп отырған ауылдардың жағдайын жақсартуда да сүбелі үлесін қосып жүр. Мәселен, Горьковское елді мекенінде су, жол мәселесін біртіндеп шешіп, фельдшерлік-акушерлік пункттің ескі ғимаратын қайта қалпына келтірді. Оған ол 4 млн теңге жұмсады. Емдеу мекемесінде қазір 4 маман еңбектенеді. Бұдан бөлек дәріхана да істеп тұр. Ауылдық округ тұрғындарына сапалы алғашқы медициналық көмек көрсету үшін жедел жәрдем көлігі де алынған.
 
ЛЮДМИЛА ТАТАРЦЕВА, ФЕЛЬДШЕРЛІК-АКУШЕРЛІК ПУНКТТІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: 
-   Соңғы рет пунктте жөндеу жұмыстары 2004-ші жылы жүргізілді. Биыл демеушіміз Марат Шәпеновтың арқасында ғимарат күрделі жөндеуден өтті. Терезелер мен есіктер, жылыту жүйесі  ауыстырылды.  Коронавирус өршіп тұрған уақытта да бұл кісі бізге қауіпті дертті жұқтырған тұрғындарды емдеуге қажет заттарды сатып алуда көмегін аямады.  
 
Жерлестерінің арасында саламатты өмір салтын қалыптастырып, өскелең ұрпақтың сау болып өсуі үшін кәсіпкер ауылдарда спорттың түр түрін де дамытып келеді. Осының арқасында ел намысын әлемдік ареналарда қорғап, биік тұғырдан көрініп жүрген  жастар көп. Солардың қатарында Горьковский ауылының тумасы, 2022-ші жылы Пекинде өткен қысқы паралимпиада ойындарының қола жүлдегері Александр Герлиц те бар. 
 
АЛЕКСАНДР ГЕРЛИЦ, ПАРАЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ, А.ГЕРЛИЦТІҢ ӘКЕСІ:
-  Демеушіміздің арқасында ауылымызда спорт жақсы дамып келеді.Көптеген үйірмелер ашылып, балақайлар өздері сүйген спорт түрімен тегін түрде шұғылдана алады. Мұнымен қоса жуырда балаларға арналған ойын алаңы да салынды.Марат Шәпенов сынды кәсіпкер әр ауылда болса екен деп тілейміз. Себебі ауыл гүлденсе еліміз, халқымыздың тұрмысы жақсарады.
 
 Горьковское ауылында 1963-ші жылы тұрғызылған мектептің сәулетіне өңір жетекшісі де сүйсініп еді. Көне ғимаратта бүгінгі күні 110 бала білім алады. 
 
БИБІГҮЛ ИСИНА, ГОРЬКОВСКИЙ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:  
-    2020-шы жылы мектебіміз күрделі жөндеуден өтті. Төбені, шатырды ауыстырдық. Тоқ жүйесін және де жылыту жүйесін ауыстырды. Марат Мұхамедьярович өзі демеуші болды, қазандықты далаға шығарып, жылы болды. Биыл ПСД дайындалып жатыр күрделі жөндеуден толық өтуге.
 
 Кәсіпкер жұмыс күші артық өңірлерден көшіп келген азаматтарға да көмек көрсетіп жатыр. Оларды еңбекпен қамтып, үйлерін салып берді. Солардың бірі осы жылы Горьковское ауылына Алматыдан көшіп келген Бақыт Әлімқұлов. Қоныс аударушы бірден «Ақ-ниет-агро и К» серіктестігіне экономист болып жұмысқа орналасқан.
 
БАҚЫТ ӘЛІМҚҰЛОВ, ҚОНЫС АУДАРУШЫ: 
-   Соңғы 5 жыл Алматыда тұрдым. Жұмыс тапшылығы болған емес. Енді бұл жақтың климатына, табиғатына қызығып келдім десек те болады. маусым айында келдім. Бірден осы жерден жұмыс таптым.  менің жолдасым бар және қызым бар өзіммен бірге келген. 

 
Горьковское ауылында кәсіпкер төмен бағамен сатылатын азық-түлік дүкенін де ашты. Мұнда нанның 1 бөлкесін  100 теңгеге сатып алуға болады. Мұнымен қоса, ауылда қоғамдық монша да істеп тұр. Жалпы, Марат Шәпенов елді мекенді одан әрі көркейту үшін басқа да ірі жобаларды қолға алуды жоспардап отыр. 
Майгүл .Сейілбек