Облыстық мәслихатта ел Конституциясының жаңартылған жобасына арналған ашық талқылау өтті. Жиынға облыстық, қалалық және аудандық мәслихат депутаттары қатысты. Іс-шарада Негізгі заң жобасын қабылдау мәселесі жан-жақты қаралды. Ашық форматта ұйымдастырылған талқылауда қоғам мен билік арасындағы өзара ықпалдастыққа ерекше мән берілді.

Аталған реформа Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынды. Ашық талқылау жиынында Конституция жобасының кең қоғамдық диалог арқылы әзірленуінің маңыздылығы айтылды. Бұл бастама билік пен қоғам арасындағы өзара сенімге негізделген жаңа қоғамдық келісімді қалыптастыруды көздейді. Сонымен қатар, талқылауда Халық кеңесі институтының рөліне ерекше назар аударылды. Бұл институт елді саяси басқарудың іргелі бөлшегі ретінде бағаланды.

ЕРЛАН ТОҚШЫЛЫҚ, ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ

Сонымен қатар, жаңа бастамалар аясында депутаттар бес жыл мерзімге Құрылтай арқылы сайланып, үш вице-спикер қызметі енгізіліп, сегіз тұрақты комитет құрылатыны атап өтілді. Сонымен қатар, неке — ер мен әйелдің ерікті әрі тең құқықты одағы екені туралы норма енгізілді. Бұл дәстүрлі құндылықтар мен әйелдердің құқықтарын қорғау мақсатында қабылданды.

СЕРГЕЙ ХУДЯКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕСІ

Конституцияда мемлекеттік биліктің негізгі көзі және егемендіктің иесі Қазақстан халқы екені нақты айқындалды. Ал жаңа Конституцияға қатысты соңғы шешімді ел тұрғындары жалпыұлттық референдум арқылы қабылдайтын болады.