Облыстық кітапханада жерлесіміз, ақын әрі аудармашы Әмина Шалабаеваның туғанына 110 жыл толуына арналған «Жүрегі жырдан жаралған» атты поэзия кеші өтті. Іс-шара барысында ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы баяндамалар оқылып, өлеңдері оқылды. Кешке ақынның туыстары, көзін көрген замандастары мен достары қатысып, естеліктерімен бөлісті.

Әмина Асқарқызы 1916 жылы 10 қаңтарда қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданының Ақмола ауылында дүниеге келген. Ол қазақ радиосында диктор болып қызмет атқарған. Сондай-ақ республикалық кітапханада, «Қазақ елі» журналында, кейін «Жазушы» баспасының әдебиет бөлімінде редакторлық қызмет істеген. Ақынның алғашқы өлеңдері жас ақындардың «Жас қанат» жинағында жарық көрген.

СНХ: АЛМА НҰРЫШЕВА, ӘМИНА ШАЛАБАЕВАНЫҢ СІҢЛІСІ

Әмина Шалабаева әдебиетке елуінші жылдардың соңында келді. Ол қарақалпақ дастаны – “Қырық қызды”, тағы басқа шығармаларды қазақ тіліне аударған. Сондай-ақ, жерлесіміздің «Шілдехана», «Кілемші Сақып», «Жаңа дәуірдің жас маманы» атты прозалық шығармаары да бар.

СНХ: САМРАТ ҚҰСКЕНОВ, ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ

Сондай-ақ жиында Әмина Шалабаеваның «Тау бұлағындай таза жыр» атты кітап көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. Қаламгер “Құрмет белгісі” орденімен және басқа да медальдармен марапатталған. Ол 1994 жылдың 27 тамызында дүниеден өтті.