Президент «Turkistan» газетіне берген сұхбатында, қоғамдағы қауіпсіздік пен тәртіп әр азаматтың жауапкершілігімен тығыз байланысты екенін атап өтті. Адам өмірі мен денсаулығын қорғау, соның ішінде жолдағы қауіпсіздік мемлекет үшін негізгі міндеттердің бірі болып қала береді.
2025 жылдың басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында 593 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Апат салдарынан 47 адам мерт болып, 793 адам әртүрлі деңгейдегі жарақат алған. Ал 1–12 қаңтар аралығында 7 жол апаты болып, 6 адам қаза тапты, тағы 7 адам жарақаттанды. Полиция департаменті қызметкерлері жылдамдықты арттыру, қарсы жолаққа шығу және қауіпті маневр жасау сынды әрекеттердің ауыр зардаптарға алып келетінін ескертіп, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.