Облыс орталығындағы «Дария» базарында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, Адамның иммун тапшылығы вирусы инфекциясының алдын алу жөніндегі облыстық орталық, Петропавл қаласының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Адал полицей» профилактикалық акциясы өтті.

Іс-шара аясында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі облыстық орталық мамандарымен және волонтерлермен бірлесіп сауда орнында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қатысушыларға қазіргі қоғамдағы негізгі қауіп-қатерлер, оларды тану жолдары, жеке және қоғамдық қауіпсіздік шаралары туралы мәлімет берілді. Сонымен қатар АИТВ-инфекциясының алдын алудың маңыздылығы, аурудың жұғу жолдары мен қорғану тәсілдері түсіндірілді.

СНХ: ДАМИР АБДИН - ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ

Қатысушыларға алаяқтыққа, экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл, сондай-ақ АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша ақпараттық материалдар таратылды. Аталған іс-шараның басты мақсаты – базар қызметкерлерінің құқықтық және цифрлық сауаттылығын арттыру, алаяқтыққа қарсы тұрудың тұрақты дағдыларын қалыптастыру, азаматтарды заңсыз әрекеттерге тарту тәуекелін азайту, сондай-ақ денсаулықты сақтау мәселелеріне жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру.

СНХ: НҰРИСЛАМ ІЛИЯСОВ – ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСТАРЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БӨЛІМІНІҢ ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ

Акция жыл соңына дейін жалғасады. Ұйымдастырушылар барлық сауда орындарын, мектептер мен колледждерді қамтып, тұрғындармен түсіндіру әңгімелерін жүргізеді.