Кез келген өндірістің негізінде – өз ісін жетік білетін, нәтижеге жауап беретін адамдар тұрады. «СТ ЭСЭМБЛИ» кәсіпорнында дәл осындай мамандарға басымдық беріледі. Жасұлан Зарап бұл жерге слесарь болып келген, ал бүгінде кейіпкеріміз жинақтау өндірісінің негізгі учаскелерінің бірін басқарып отыр. 

Бұл – ауыл шаруашылығы техникасын құрастыратын неміс-қазақстандық бірлескен кәсіпорын. Мұнда өндіріс ішінде өсіп, шыңдалған кәсіби мамандарға ерекше мән беріледі. Біздің кейіпкеріміз Жасұлан Зарап осы кәсіпорында еңбек жолын слесарь болып бастап, бүгінде жинақтау өндірісі бөлімінің учаске басшысы қызметін атқарады.

СНХ: ЖАСҰЛАН ЗАРАП – ЖИНАҚТАУ ӨНДІРІСІ БӨЛІМІНІҢ УЧАСКЕ БАСТЫҒЫ

Әрбір учаскенің үйлесімді жұмысы бөлім басшылығының ұқыпты бақылауы мен жауапкершілігінің арқасында қамтамасыз етіледі. Мұнда кейіпкеріміздің тәжірибесін жоғары бағалап, құрметтейді.

СНХ: ДМИТРИЙ КРУГЛОВ – ЖИНАҚТАУ ӨНДІРІСІ УЧАСКЕСІНІҢ БАСТЫҒЫ

Кәсіпорын заманауи технологияларға ғана емес, сонымен қатар кадр даярлауға да ерекше көңіл бөледі. Мұнда дуалды оқыту жүйесі сәтті жүзеге асырылып келеді.

СНХ: ВЯЧЕСЛАВ УТКИН – HR БӨЛІМІНІҢ ДУАЛДЫ ОҚЫТУ БОЙЫНША ТӘЛІМГЕРІ

Сұхбат барысында Жасұлан Зарап жеке тәжірибесімен бөлісті. Оның айтуынша, мұндай өндірісте жұмыс істеу үлкен жауапкершілікті, тәртіпті және адамдармен тіл табыса білуді талап етеді.