Жаңа жыл мерекесі қарсаңында СҚО ПД балаларға мерекелік көңіл күй сылау мақсатында «Аяз ата бол» акциясына қатысты. Балғындарға түрлі сыйлықтар ұсынылып, көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға Аяз ата патрульдік автокөлікпен келді.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің басшылығы балалардың арманын орындауға мүмкіндік беретін «Аяз ата бол» акциясына қатысты. «Аяз атаның поштасын» қарау барысында СҚО ПД бастығы Айдын Қабдұлдинов пен оның орынбасары Марат Жұмалиевке 9 жастағы Ерасыл мен 11 жастағы Дананың хаттары түсті. Жаңа жыл қарсаңында тәртіп сақшылары балаларды полиция департаментіне шақырды. Сол жерге патрульдік автокөлікпен Аяз ата мен Ақшақар да келді.

Балалардың көптен бергі арманы орындалды: Аяз ата оларға гироскутер мен қақпашыға арналған спорттық жабдықтар жиынтығын — қолғаптар мен футбол аяқ киімін табыстады.

Ерекше мерекелік қуанышқа бөленген балғындар ертегі кейіпкерлері мен полицейлерге шын жүректен алғыс айтты. Сыйлыққа бонус ретінде патрульдік автокөлікпен серуендеу ұсынылды. Дауыс күшейткіштің жұмысымен танысқан Ерасыл осы мүмкіндікті пайдаланып, Петропавл қаласы тұрғындарын келе жатқан мерекемен құттықтады.

Мереке күндері барлық жедел қызмет өкілдері сияқты полицейлер де қызметтерін күшейтілген режимде атқарып, жерлестер мен өңір қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.