Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде жыл сайынғы «Үздік салық төлеуші» және «Үздік сыртқы экономикалық қызмет қатысушысы» салтанатты рәсімі өтті. Іс-шара барысында өңір экономикасының дамуына тұрақты әрі елеулі үлес қосып келе жатқан бизнес өкілдері марапатталды.


 Байқау лауреаттары жыл сайын облыстық іріктеу нәтижесінде анықталады. Іріктеу салық жүктемесінің өсуі, төлем тәртібін сақтауы және салық-кеден заңнамасын бұзушылықтардың болмауы сияқты критерийлер негізінде жүргізіледі.


Снхр: ТӨЛЕГЕН ҚАБДӨШЕВ, СҚО БОЙЫНША КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ


Марапатталғандардың бірі – Көпсалалы жабдық зауыты. Кәсіпорын қосалқы бөлшектер, бұрғылау қондырғыларына арналған жабдықтар дайындаумен айналысады. Дайын өнім Қазақстан нарығына сондай-ақ экспортқа да шығарылады.


Снхр: ЕЛЕНА БАЛЯРИХИНА – «ЗМО» ЖШС ДИРЕКТОРЫ


 Мамандардың айтуынша, мұндай шаралар өңір кәсіпкерлерін ынталандырып, салық мәдениетін арттыруға ықпал етеді. Үздік деп танылған кәсіпорындар алдағы уақытта да адалдық пен ашықтық қағидаларын сақтап, өңір экономикасының дамуына үлес қоса бермек.