Қарттар күніне орай облыс орталығында түрлі әлеуметтік және мәдени іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр. Солардың бірі – Жастар ресурстық орталығы өткізген ерекше акция. Бұл жолы зейнеткерлер «Эмират» фитнес-клубына шақырылып, йога сабағына қатысты. Жаттығуға оннан астам қария жиналды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мақсат – қарттардың, әсіресе жалғызілікті қариялардың өздерін жалғыз сезінбеуіне жағдай жасау.
Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Дамир Абдиннің айтуынша, қарттарға арналған айлық биыл қыркүйек айынан бастау алған. Өйткені күн ерте салқындап кеткендіктен, көмекке мұқтаж қарияларға қолдау көрсету ісі ертерек қолға алынған.
СНХ:ДАМИР АБДИН – ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
Акцияға қатысушылардың бірі – Нина Ивановна. Ол облыстық ардагерлер кеңесінің жанындағы «Ветеран» клубының төрайымы әрі күміс ерікті. Оның айтуынша спортпен шұғылданған жанның дені сау, ойы таза болады.
СНХ:НИНА ПОЛЕЩУК - ЗЕЙНЕТКЕР