Петропавлда «Жасөспірімдер мен жастардың репродуктивті денсаулығын бірге қорғайық» атты өңірлік семинар өтті. Жиынға Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, мемлекеттік органдардың өкілдері, үкіметтік емес ұйымдардың салалық мамандары мен медицина қызметкерлері қатысты. Кездесу барысында ерте жүктілік, жасөспірімдер арасындағы түсік сияқты өзекті тақырыптар талқыланды.

Еліміздің бірқатар аймақтары, оның ішінде Солтүстік Қазақстан облысы да, жасөспірімдер арасындағы жүктілік көрсеткіші бойынша «қызыл аймақта». Жыл сайын 15 пен 17 жас аралығындағы екі мыңнан астам жасөспірім жүктілікпен есепке алынады. 2024 жылы 14 жасқа дейінгі қыздар арасында 22 босану жағдайы тіркелген. Ал 15–17 жас аралығында – 1 455 жағдай болған. Бұл – жылдар бойы шешілмей келе жатқан өзекті мәселе.

СНХ:ГАУХАР НҰРАХМЕТОВА, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІНДЕГІ 


Семинар барысында жастардың денсаулығын сақтау, мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру, ерте жүктіліктің алдын алу және медициналық, кеңес беру қызметтерінің қолжетімділігін арттыру мәселелері талқыланды. Әсіресе, жасөспірімдер арасындағы жүктіліктің алдын алу мәселесіне баса назар аударылды. Іс-шараға қатысушылар бұл мәселенің түбірін үзу үшін ата-ана, мұғалім, дәрігер және қоғам белсенділері бірлесіп жұмыс істеуі қажеттігін айтты.

СНХ:ТАТЬЯНА ПРОТОПОПОВА, СҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ


Статистикаға сүйенсек, жүктілікті үзу көрсеткіші әсіресе еліміздің солтүстік және шығыс аймақтарында жоғары. Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысында бала туу жасындағы 118 мыңнан астам әйел тұрады.Сондықтан жасөспірімдер мен жастардың репродуктивті денсаулығы, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың және жоспарланбаған жүктіліктің алдын алу туралы ақпараттандыру өте маңызды.