Биыл Қызылжар ауданы, Вагулино ауылының құрылғанына 266 жыл толып отыр. Осыған орай ауылда мерекелік іс-шара өтті. Бұл күні ауыл тұрғындары ән мен би, ұлттық киімдер және дастарқанға қойылған сан алуан дәм арқылы бірлігін, достығын және туған жерге деген сүйіспеншілігін паш етті. Мерекелік іс-шараға ауыл тұрғындары мен қонақтар белсенді қатысты, ал аудан әкімі Бейбіт Исманов арнайы келіп, ауыл тұрғындарын құттықтады.


Мерекелік көңіл-күйге бөленген Вагулино ауылының орталығы бұл күні ерекше думанға айналды. Ән мен би, түрлі әсем ұлттық киім киген ауыл тұрғындары, дастарқанға қойылған сан алуан ұлттың дәмі – мұның барлығы бірліктің, достықтың және ауыл тұрғындарының шынайы қуанышының болды. Вагулино ауылының тарихы тереңде жатыр. Ол 1759 жылы құрылған. Биыл ауылдың 266 жылдық мерейтойы аталып өтіп отыр. Жыл сайын тамыз айының үшінші сенбісінде ауыл күні дәстүрлі түрде тойланады. Бұл – ауыл тұрғындарының бірігіп, туған жерге деген сүйіспеншілігін білдіретін мерекесі. Осындай күндері ауылдың қонақжайлығы мен мәдениеті айқын көрініс тауып, үлкендер өткенді еске алса, жастар ауылдың келешегі үшін қуанып, болашаққа сеніммен қарайды. Бұл күні ауыл тұрғындарын құттықтап Қызылжар ауданының әкімі Бейбіт Исманов арнайы келді.

СНХ:БЕЙБІТ ИСМАНОВ, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ


Ұйымшылдығымен ерекшеленетін Вагулино ауылында бүгінде 592 адам тұрады. Мерекелік іс-шараға ауылдың 9 көшесінің тұрғындары белсене атсалысты. Бірі 90-жылдарды еске алса, енді бірі сыған биін билеп шықты. Дәрігер, өрт сөндіруші, мұғалім сияқты түрлі мамандық иелерінің киімдерін киіп, іс-шараның көркін қыздырғандардың қатарында Еңбек көшесінің тұрғындары да бар.

СНХ:ВЕРА ПОДДУБНЫХ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ


Жеңіс көшесінің тұрғыны Алма Шаштаулетова осы елді мекенде 40 жыл бойы өмір сүріп келеді. Оның пікірінше, әрбір адам туған жердің тарихын ұмытпауы, оны қастерлеуі керек. Тарих – біздің тамырымыз, өткенді білу – болашаққа жол ашатын бағдар дейді ол.

СНХ:АЛМА ШАШТАУЛЕТОВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ


Округтегі бес ауылдың ішіндегі алғашқысы ретінде Вагулино ауылы ауыл күні мерекесін бастап берді. Бұл мереке тек дәстүрді жалғастырумен ғана шектелмей, ауылдың ұйымдастырушылық шеберлігін, бірлігін көрсететін ерекше оқиғаға айналды.