СҚО құрметті азаматы, спорт ардагері Жамбыл Серғазұлы Тасеменовтің 80 жылдығына арналған грек-рим күресінен республикалық турнир жоғары деңгейде өтті. Екі күнге шақталған жарысқа 250-ге жуық спортшы қатысып, 16 салмақ дәрежесінде боз кілемде өнер көрсетті.

Жарысқа Қырғызстан мен Ресейден келген төрт команда да қатысты. Денсаулығына байланысты мерей той иесі спорттық додаға қатыса алмады. Ал турнирге оның жұбайы арнайы келіп, Жамбыл Тасеменовтың атына спортшыларға ақжарма тілегін білдірді.

СНХ:САРА ТАСЕМЕНОВА,ЖАМБЫЛ ТАСЕМЕНОВТЫҢ ЖҰБАЙЫ


Турнирге 2009 жылы туған жасөспірімдер қатысты, олардың арасынан талантты балуандар анықталды. 8 салмақ дәрежесі бойынша белдесулер ерекше қызығушылық тудырды.


Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы медальдармен, кубоктармен және дипломдармен марапатталды.