Барлық мұсылман үшін қадірлі саналатын Рамазан айы аяқталуға жақын. Биыл Қазір түні наурыз айының 26-нан 27-не қараған түніне түсті. Мың айдан да қайырлы саналатын қадір түніне орай облыстың орталық мешітінде арнайы бағдарлама ұйымдастырылды. Мешітке келген жамағаттың да қарасы қалың болды.

Қадір түні – жылына бір рет келетін ерекше мүмкіндік. Періштелер мұсылмандарға дұға оқып, тілеулес болады. Бұл түнді пайдалы амалдармен өткізу әрбір мұсылманның парызы. Және бұл түнде жасалған кез келген дұға мен құлшылық мың ай бойы орындалған ғибадаттан да қайырлы саналады. Қадір түнінде барша жиналған халық алдында, осы рамазан айында тарауық намазын оқыған, құран кәрімді толықтай жаттаған қарилар да марапатталып, шапан киді.

Облыстың орталық мешітінде осы Рамазан айында ораза ұстаған жандар үшін күнде ауыз ашар өткізілді. Қадір түніне келген адамдар ауыз ашып, намаз оқып, уағыз тыңдап, сәресін ішіп түндерін құлшылықпен өткізді.

СНХ: ХАМЗАТ ҚАЖЫМҰРАТҰЛЫ, ОБЛЫСТЫҢ БАС ИМАМЫ


Айта кетейік 30-наурыз – Ораза айт мерекесі. Ал құрбан айттың бірінші күні 6 маусымға келеді.