Су тасқыны жағдайын бақылау енді жеңілдей түспек. Өңірде мониторингтің инновациялық технологиялары енгізілуде. «Қазақтелеком» АҚ мен СҚО әкімдігінің бірлескен «Бірыңғай дрон инфрақұрылымы» жобасы аясында мамандарға пилотсыз ұшатын аппараттар көмектеседі. Олар мәліметтерді жедел басқару орталығына нақты уақыт режимінде жіберіп, қауіпті жағдайларға дер кезінде әрекет етуге мүмкіндік береді.

Солтүстік Қазақстан облысы – көктемгі су тасқыны жиі қайталанатын өңірлердің бірі. Су тасқынының салдарын азайту және қауіптің алдын алу мақсатында өңірде жаңа мониторинг жүйесі іске қосылды.

СНХР: АРМАН ЫСҚАҚОВ – «ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ» АҚ ЦИФРЛЫҚ БИЗНЕС ДИВИЗИОНЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ШЕШІМДЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ


Дрондарды пайдалану тек су деңгейін бақылауға ғана емес, сонымен қатар шұғыл шешім қабылдауға мүмкіндік береді – халықты эвакуациялау немесе су ағымын реттеу сияқты іс-шараларды жедел іске асыруға көмектеседі. Мамандар дрондарды өңірдің кез келген нүктесінен басқара алады.

СНХР: КИРИЛЛ ИВАННИКОВ – СҚО ТЖД АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ


Айта кетейік, ұшу жоспарлары облыстық ТЖ департаментімен келісілетін болады. Енді мамандар жағдайды жедел қадағалап, өзгерістерге уақтылы әрекет ете алады.